Біздің тақырыптық көрмеміздің мақсаты – бір салада жұмыс істейтін бизнес мамандары үшін әмбебап платформа құру. Егер сіз жаңа серіктестер мен көтерме сатып алушыларды тартуды жоспарласаңыз, нарықта толық бәсекеге қабілеттілігіңізді көрсетіп, өз орныңызды нығайтқыңыз келсе немесе өз салаңыздағы жаңалықтарды ұсынғыңыз келсе, көрмеге қатысу – осы мақсаттарға жетудің ең тиімді тәсілі. Іс-шара B2B форматында өтеді және сала мамандарына бағытталған.
KAZPROMO көрмесі Орталық Азия аймағында іскерлік байланыстарды орнатуға және нығайтуға, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда желілері арқылы компаниялардың қызмет аясын кеңейтуге тамаша мүмкіндік береді. Динамикалық дамып келе жатқан нарық әрбір компанияға өз орнын табуға және өз позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.