Мамандандырылған халықаралық көрмелер – бизнесті кеңейтудің ең тиімді мүмкіндігі және мол маркетингтік ақпарат көзі. Көрмелерге қатысу – сатып алу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру барысында қажетті қадам болып табылады, сондай-ақ бизнес стратегиясы мен дамуы үшін маңызды рөл атқарады. Сіздерді Қазақстаннан және жақын, алыс шетелдерден келген компаниялар күтуде. Бірнеше күн ішінде сіз соңғы ұсыныстармен танысып, беделді жеткізушілермен сенімді іскерлік байланыстар орната аласыз.